"Ақжайықтың" асығы алшысынан түсіп тұр

19.03.2012, 00:47
"Ақжайықтың" асығы алшысынан түсіп тұр

"Тараз", "Ақжайық", "Ертіс" командалары 100 % нәтиже көрсетіп келе жатқан ұжымдардың үштігі. Олар 2-турда да жеңіс тойын тойлады. "Таразды" өрге сүйреген Лечич болса, "Ертіске" Бақаевтің көмегі тиді. Ал, "Ақжайық" бұл жолы да үш гол соқты. Жалпылама айтар болсақ, голдардың басым көпшілігін легионерлер соғуда. Оның себебін, биылғы маусымдағы легионерлерге деген лимиттің көбейгендігі деп түсіндіруге болады. Сербиялық Лечич, Иованович пен болгариялық Волканов және босниялық Юнузовичтер әзірге мергендер көшінде көрініп тұр. Алғашқы хет-трикте тіркелді. Оның авторы "Жетісу" командасының шабуылшысы Эдин Юнузович.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Қазақстан премьер-лигасында 300-ойынын өткізген Нұрбол Жұмасқалиевтің командасы Кереку жерінде тас-талқан ұтылды. Биылғы маусымда жаңалық жасайтын ұжымдардың қатарына біріншіден осы команданы қосқым келеді. Шабуылшылары бірінен кейін бірі гол соғып жатыр. Эссомба, Бақаев, Струков, Шакин, Малинин секілді сұрмергендер бір ұжымда жиналса қандай шабуыл болатынын осымен екі команда көрді. Екі ұжым да жеңіліспен қайтты.

"Қайрат" командасы да өзінің бұрынғы атағын қайтару жолында биылғы маусымда жақсы нәтиже көрсетеміз деп отыр. Сырт алаңда "Тобылдың" ағысына шыдас бере алмаған алматылықтар өз алаңында көкшетаулық "Оқжетпесті" қабылдады. Бұл матчты "Қазақстан" Ұлттық арнасынан тікелей эфирде жүргізуге мүмкіндік алдым. Алғашқы таймдағы қобалжуды тәжірибелі ойыншылардың іс-әрекеттері сейілтіп, алаң иелеріне сенімді қимылдауға мүмкіндік берді. Матч барысында Огайдың таңдаған тактикасына Бауыржан Сәрсекеновтың берген бағасын да тыңдадық. Бір сөзбен айтқанда, "Қайраттың" да биылғы маусымда қайраттана түсеріне көз жеткізген секілдіміз.

"Ордабасының" өз алаңындағы ойынға мерекелік бағдарлама дайындалған болатын. Бірақ, ауа-райы Шымкент жанкүйерлеріне тосын сый жасады. Қалың жауған қар толастамай, мерекені кейінге шегертті.

Футбол. Қазақстан. Премьер-лига «Шахтер» — «Ақтөбе» 2:0 (0:0) Голдар: Хижниченко 69 (1:0), Вичюс 80 (2:0) «Жетісу» — «Қайсар» 5:2 (2:2) Голдар: Юнузович 16 (1:0), Нургалиев 43 (2:0), Нарзилдаев 44 (2:1), Сытник 45 (2:2), Мужиков 53 (3:2), Юнузович 72 (4:2), Юнузович 84 (5:2) «Кайрат» — «Окжетпес» 3:0 (1:0) Голдар: Кнежевич пенальти 23 (1:0), Йованович 48 (2:0), Джорджевич 69 (3:0) «Тараз» — «Сұңқар» 1:0 (1:0) Гол: Лечич 24 (1:0) «Ақжайық» — «Атырау» 3:1 (2:1) Голдар: Азовский 30 (1:0), Валканов 36 (2:0), Данилюк 43 (2:1), Валканов 60 (3:1) «Ертіс» — «Тобыл» 4:1 (1:0) Голдар: Де Соуза 33 (0:1), Бақаев пенальти 37 (1:1), Шабалин 72 (2:1), Бақаев 81 (3:1), Мальцев 90 (4:1)
Ертіс Павлодар - Тобыл 18.03.2012 15:00:00 Есеп: 4:1 (1:1) Бірінші гол: Тобыл 34 минутта
Жетісу - Қайсар 18.03.2012 15:00:00 Есеп: 5:2 (2:2) Бірінші гол: Жетісу 17 минутта
Қайрат - Окжетпес 18.03.2012 15:00:00 Есеп: 3:0 (1:0) Бірінші гол: Қайрат 22 минутта
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×