Болашақ жұлдыздар

18.03.2012, 23:33
Болашақ жұлдыздар

Қазіргі таңда футболдан кім мықты дегенде? Бүкіл әлемдегі азаматтардың көпшілі Месси немесе Роналду деп екіге бөлінетіні рас. Кейде есімізге Пеле, Марадона, Зидандардың ойындарын көз алдымызға елестейді. Кейде, болашақта осындай аңыз ойыншылардың ойынын көрсететін футболшыларды күтетініміз анық. Біз сіздерге келешекте футбол тарихына өз есімін алтын әріптермен жазылатын топ-10 жас футбол жеткіншектерін ұсынбақшымыз. 10. Фелиппе Коутиньо, 19 жас  Бойы: 172 см  Салмағы: 72 кг  Бағасы: 7,000,000 евро  Клубы: «Интер» Италия Өмірде Коутиньо жасқаншақ болғанымен, алаңда мүлде басқа адам. Фелиппенің ойын манерасы Роналдиньоға ұқсағанымен, Робиньоға көбірек келетін секілді. «Интер» клубы бұл жас бразилиялықты испандық «Эспаньолға» арендаға береген болатын. Әрине, бұл дұрыс шешім. Өйткені, Примера "А" сериясына қарағанда қақпаға шабуылды көп жүргізетін чемпионат болып табылады. «Нерадзуррилер» келесі маусымда Коутиньоны өз қатарына қосып алмақшы. Ал, ол өз кезегінде «Интердің» және Бразилия құрамасының негізгі орынына таласатыны рас. 9. Эрик Ламела, 19 жас Бойы: 183 см Салмағы: 70 кг Бағасы: 13,000,000 евро Клубы: «Рома» Италия 12 жасында-ақ бұл жас аргентиналық талант «Барселонада» болар еді. Алайда, «Ривер Плейттің» президенті Хосе Мария Агилар оны өз уфсфнда ұстап қалды. Кейінрек «Ривердің» Аргентина чемпионатының төменгі дивизионға түсіп, масқара болып жатқанда, Ламеланың абыройы түскен емес. Оған әлі де еуропалық клубтар қызығушылық танытады. Итальяндық «Рома» бұл ойыншыны өз қамқорлығына алған болатын. «Қасқырлардың» бас жаттықтырушысы Луис Энрике итальяндық «Барселонаны» жасақтап жатыр. Өз кезегінде Эрик бұл командада ең басты фигураны ойнайтыны айтпаса да түсінікті. 8. Джеймс Родригес, 20 жас Бойы: 179 см Салмағы: 78 кг Бағасы: 11,500,000 евро Клубы: «Порту» Португалия Аргентиналық «Банфилдте» ең сәтті маусымын өткізіп, бірнеше рекордтарға қол жеткізіп (Аргентиналық ең жас шетелдік және «ең жас шетелдік гол»), «Ньюэллс Олд Бойзға» жеңіс добын соғып, Родригес өз клубына тарихағы ең алғашқы чемпиондықты алып берген болатын. Осындай нәтижелі дебьютында «Порту» 5.1 миллиондық ұсынысымен қарамағына алып кетті. «Айдаһарладың» құрамына ойланбастан кіріп кетткен колумбиялық, еуропа футболында ең әйгілі оңтүстік америкалық болатынына сенімді. 7. Икер Муньяин, 19 жас Бойы: 167 см Салмағы: 58 кг Бағасы: 15,000,000 евро Клубы: «Атлетик» Бильбао, Испания Икер Муньяинға – Басконияның кішкентай данышпаны десе жарасады. Қазіргі таңда «Атлетикт»і алға жетелейтін негізгі күші. Муньяин Испан чемпионатына өз есімін қалдырып та үлгерді. Ол 16 жасының 289 күнінде Примерада доп соғып, чемпионатта гол салған ең жас футболшы атанды. Шапшаң Икер азіргі таңда ең нәтижелі маусымын өткізіп жатыр. Ол өз құрамасының тізіміне еніп, Еуро-2012-ге баруға зор мүмкіндік туып тұр. Келешегіне келсек, испан прессасының хабарлауынша, оған көзін салған клубтардың ішінде Реал мен Арсеналдар бар 6. Тиаго Алькантара, 20 жас Бойы: 172 см Салмағы: 65 кг Бағасы: 20,000,000 евро Клубы: «Барселона» Испания Футболдан әлем чемпионы, бразилиялық Мазиньоның ұлы «Барселонада» өсіп, қазіргі кезде Пеп Гвардиоланың командасында негізгі ойыншы. Тиагу жақсы пас бере алатын, дриблин жасап, орта дистанциядан соққы бере алатын универсалды жартылай қорғаушы. Жастар (2008) мен жасөспірімдер (2011) арасында еуропа чемпионы, 2011 жылдың тамыз айында тұңғыш рет «Қызыл Фурияның» қатарына шақырту алған болатын. Иә, қартайып жатқан Хави мен Иньестаға «блаугрананың» болашағы жайлы еш алаңдаудың қажеті жоқ. 5. Ромелу Лукаку, 18 жас Бойы: 191 см Салмағы: 97 кг Бағасы: 15,000,000евро Клубы: «Челси» Англия Бұл ойыншы 16 жасында-ақ Еуропа Лигасында бельгиялық «Андерлехт» үшін гол соғып жүрген. Қазір 18 жасында Челсиге өтіп, өзінің «тұмары» Дидье Дрогбамен өнер көрсетеді. Алайда, жас Лукакудың ойыны Дробаға жете қоюы алыс. Слның өзінде «Челси» шабуыл шебін жас футболшылармен толықтыруды сыңай танытады. Сондықтан , Ромелуды әлі де, мүмкін келер маусымда негізігі құрамада көріп қалуымыз мүмкін. 4. Джердан Шакири, 20 жас Бойы: 170 см Салмағы: 70 кг Бағасы: 12,500,000 евро Клубы: «Базель» Швейцария Косоволық албан Джердан Шакири – «Базель» мен Швейцарияның болашық жұлдызы. Шакиридің жанұясы Швейцарияға көшіп келіп, тыныштық тауып, Шакири болса футболдың не екендігін білді. Ол алаңда команданың негізгі «энерджайзері». Біресе оң, біресе сол қапталда жүріп, шабуылдайтын Джерданның негізгі қасиеті – сол аяғы мен дриблин болып табылады. Қазіргі таңда бұл швейцарлыққа таласудың қажеті шамалы. Өйткені, мюнхендік «Бавария» 12 миллион евро төлеп сатып алған болатын. 3. Марио Гетце, 19 жас Бойы: 176 см Салмағы: 62 кг Бағасы: 30,000,000евро Клубы: «Боруссия» Дортмунд, Германия 2010-2011 жылғы маусымда дортмундтық Боруссияның сәтті өнер көрсетуінде, нәзік те, элегантты Марио Гетценің арқасында жетіп отыр. Бұл ойыншы «Бундестим» құрамасының тарихына есімін жазды. Марио құрамадағы бірркен Германияда туылған алғашқы ойыншы және ең жас гол соққан футболшы (19 жасында Бразилия қақпасына доп соққан). Екі рет Фриц Валтердің сыйлығына иегер атанып, Golden Boy премиясына қол жеткізіп, бундеслиганың маусымның ашылуы атанған. 2. Джек Уилшер, 20 жас Бойы: 170 см Салмағы: 65 кг Бағасы: 20,000,000 евро Клубы: «Арсенал» Англия Жас британдық жартылай қорғаушы қазіргі таңда Англияның негізгі үмітіне болып отыр. 2010-11 жылдары канонирлердің негізгі құрамасынан орын алды. Ол «Барселонаға» кетіп қалған Сеск Фабрегастың позициясында өнер көрсетеді. Бүгінгі күннің өзінде жақсы ойынымен ерекшеліп жүр. Уилшер АПЛ-дың ең ең үздік жас ойыншысы атағын алып, Англия құрамасына шақырту алған. 1.Неймар, 20 жас Бойы: 174 см Салмағы: 62 кг Бағасы: 30,000,000 евро Клубы: «Сантос» Бразилия Кез-келген бразилиялықтан Ұлттық құрамада кім жұлдыз деп сұрасаң? Неймар деген есімді еститініміз ғажап емес. Неймардың 11 жасында Пеле одан өзінің ізбасарын көрген. Ол жай ғана ойыншы да, жұлдыз да емес. Ол әлемдік футболыдың «бой тұмарына» айналатын данышпан. Неймардың басты кемшілігі, өзінің 19 жасында «қырсық балақай» болып қалуындада. Бұл бразилиялықтың жарқын болашағы әлі алда. Ол өз клубымен Либертадорес Кубогін жеңіп алып, құрамасымен «Копа Америкада» ойнап та көрді. Ең бастысы жұлдызды келешегін «Реал» сынды клубтан іздесе екен.

 Абзал Сүлеймен

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×