"Атлетиконың" жартылай қорғаушысы Арда Туран Тұманды Альбионда ойнағысы келеді.
Бұл туралы футболшының агенті хабарлады. Ахмет Булуттың айтуынша, Ағылшын Премьер-Лигасындағы бірнеше белді клубтардан ұсыныс бар көрінеді. Бірақ, дәл қай команда екені аталмай отыр.
"Туран жақын арада Испаниядан кету жайлы да ойлап жүр. Оған Ағылшын Премьер-Лигасы ұнайды. Қолымызда үш ұсыныс бар. Үшеуі де Англияның мықты клубтары"-деп мәлімдеді Булут.