АРДА ТУРАН КЕЛЕ ЖАТЫР

09.01.2016, 22:21
АРДА ТУРАН КЕЛЕ ЖАТЫР
Қазір «Барселона» бапкері Луис Энрикенің басында үлкен қиындық бар. Қиындықтың өзі елдің бәрі армандайтын мәселе. «Барселона» бүгінде жүлде күткеннің бәрін алып жатыр. Команданың ойын мәнері Месси қатардан шығып қалған сәтте де ешқандай өзгеріске ұшырамады. «Барселонаға» қарсы лайықты ойын көрсететін команда санаулы ғана қалды. Тек бір сәт босаңсу ғана команданың сирек жеңілістеріне алып келді. Енді команданың жұлдызды ойыншыларының қатарына тағы бір мықты ойыншы қосылды. Өзі қиын бірақ жағымды мәселені шешетін уақыт келді — Туранды «Барселонаның» қай позициясында көреміз. Луис Энрикенің екі жолы бар: жартылай қорғаушы немесе қапталдағы шабуылшы. Бірінші жолмен жүрсек Арда хорватиялық футболшы Иван Ракитичтің негізі бәсекелесі болады. Себебі Бускетс дене-бітіміне сай артқы жартылай қорғаушы міндетін де жақсы атқарып, шабуылды бастайтын негізгі күш. Ал ақылды Иньестаны негізгі құрамнан алып тастау қазірше Арда мен Ракитичтің қолынан келмейді. Энрике бұл жолды таңдаса «Барселонаның» өзіне үйреншікті схемамен ойнайды. Команда үшін негізгі минус: түрік пен хорваттың бойына біткен потенциалдың тек жартысын ғана қолданады. Екінші жол — Туранды қапталдағы шабуылшы ретінде пайдалану. Ол үшін Мессидің немесе Неймардың жартылай қорғанысқа түсуі керек. Бірақ қазіргі «Барселонаның» мықты құрамында Энрикенің командаға көп өзгеріс енгізбеуі мүмкін. Жартылай қорғаныс — Туран үшін тиімді шешім емес. Оның сүйікті ісі — қаптал арқылы қарсылас қорғанысын бұзып өту. Туран «Атлетико» сапында шабуылдаушы қызметін атқарды. Симеоненің «бандасында» команданың 29,2% шабуылын өзі жүргізді. Қазір бұл позицияда Месси мен Неймар бар. Түріктің бұл екеуімен де бәселестікке шыдас беруі екі талай.+ «Барселона» сапында қазір талантты футболшы Серхио Робертоның да бар екенін ұмытпауымыз керек. Месси жарақат алған сәтте болашағынан үлкен үміт күттіретінін дәлелдеп үлгерді. Ол қорғаныстың екі қапталында, жартылай қорғаныста және шабуыл шебінде де ойнай беретін қасиеті бар. Сол себепті Туранның қазір қай позицияда ойнайтыны белгісіз. Мүмкін Энрике қазіргі құрамға ешқандай өзгеріс енгізбей түрікті қосалқы құрамнан іске қосатын футболшы жасайды. Бұл сұрақтың жауабын тек алдағы матчтарда білетін боламыз. Бастысы қазіргі теңдесіз «Барселонаның» қатарына тағы бір жұлдызды футболшы қосылды. Ол команданы өрге сүйремесе артқа тартпасы анық.aaaaaaaaaaa
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×