Ардагерлер Алматыда бас қоспақ

19.09.2014, 20:39
Ардагерлер Алматыда бас қоспақ
EF49BD35-BD11-473A-A4A9-12A1D193D81D_mw1024_s_n21 қыркүйек күні Алматы орталық стадионында үлкен футбол. Қазақстан мен Испанияның ардагерлер құрамасы арасындағы жолдастық кездесу. Ойын Қазақстан футбол федерациясы мен Испан корольдігі футбол федерациясының ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылды. Құрметті қонақ ретінде ойынға, Михаил Гурман, Виктор Катков, Александр Мазманьян, Виктор Абгольц және Қазақстан футболының басқа да ардагерлері шақырылса, Юсуп Шадиев, Құралбек Ордабаевтар алаңда доп тебеді. Ал Испания құрамасында Хуан Карлос Абланедо, Йон Андони Гойкоэча, Роберто Фернандес, Энрике Эстебаранс және тағы басқа да белгілі теңбіл доп тарландары доп тебетін болады. Өз жанкүйерлерін жерге қаратпауға тырысатын, Қазақстан құрамасы кездесу алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтады. Ал оларды Сейілда Байшақов жаттықтырады. Яңни бас бапкер міндеті Сейілда Акармұлына жүктеліпті. Әзірге құрама қосынына ойыншылардың 70 пайыздайы қосылыпты. Евгений Яровенко ертең келсе, Премьер лига командаларын жаттықтыратын Вахид Масудов, Талғат Байсуфиновтар тек матч болатын күні ғана Алматыға ат басын бұрады. Аталмыш ойын алдағы жексенбіде 19,00-де Алматы орталық стадионында қтеді. Матчтың телевизиялық нұсқасын сіздер Казспорт арнасынан түнгі 00сағат 15 минуттан бастап тамашалай аласыздар.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×