Аргентиналық журналист құрама ойыншыларының неліктен автобустан тік ұшаққа ауысқанын айтып берді

21.12.2022, 18:15
Аргентиналық журналист құрама ойыншыларының неліктен автобустан тік ұшаққа ауысқанын айтып берді


La Nación басылымының журналисті Мариано Чулалеу Аргентина ойыншыларының неліктен Буэнос-Айрестегі Обелиск ескерткішіне жете алмағанын түсіндірді.


"Әу-баста Аргентина футболшылары Буэнос-Айрестегі Обелиск ескерткішіне автобус арқылы шерулеп өткісі келген. Алайда, орталық алаңдағы жанкүйерлер арасындағы қарбалас бұл жоспардың күл-талқанын шығарды. Сол себептен бағыт ауысты.


Бірақ, бұл ойлағанда болмады. Фанаттар тобыры автобусты қоршап тұрып, бөгет жасады. Футболшылардың алдағы қауіпсіздігі үшін тік ұшақ шақыртылған болатын. Солай Аргентина аяқдопшылары кезегімен барар жерге жеткізілді. Шеру барысында Президент жеңімпаздарды өзінің қабылдауына шақырған. Алайда, Аргентина Федерациясы ел басшысының өтінішіне жоқ деп жауап қайтарыпты".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×