«Атлетико» Фелипемен қоштасуға дайын

21.12.2022, 17:51
«Атлетико» Фелипемен қоштасуға дайын


"Атлетико Мадридте" өнер көрсететін 33-жастағы Фелипе Монтейро мансабын АПЛ жалғастыруы мүмкін.


Фабрицио Романоның айтуынша, қорғаушыға "Вулверхэмптон" қызығып отыр екен. Бразилияның бірқатар командалары да Монтейроға талас бәсекесіне жолдан қосылыпты.


Диего Симеоненің сеніміне кірмеген Фелипенің ақпан айында ауысу ықтималдылығы жоғары.


Осы маусымда қорғаушы "матрасшылар" үшін бар-жоғы 3 ойын өткізді. Испандық топ-клубтың намысын Монтейро 2019 жылдан бері қорғап келеді.


Ла Лиганың 14-тур қорытындысы бойынша "Атлетико" турнирлік кестенің 5 сатысында орнығып тұр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×