Арман Нүсіп: «Алдағы мақсаттарға жету үшін барымды саламын»

27.07.2021, 22:50
Арман жаңа командасында дебют жасап үлгерді.
Арман Нүсіп: «Алдағы мақсаттарға жету үшін барымды саламын»

"Каспий" клубының экс-жартылай қорғаушысы Арман Нүсіп "Таразға" ауысуы туралы пікір білдірді:

- "Тараз" - чемпионатта жақсы өнер көрсететін командалардың бірі. Мен команданың Премьер-лига мен Қазақстан кубогінде жемісті өнер көрсетуі үшін барымды салғым келеді. "Таразға" ауысуым мен үшін де, алдыңғы командам үшін де аяқ астынан орын алды. Ауысатыным туралы командаға айту үшін екі күндей дайындалдым. Барлығы мені қолдады. Сосын бір күннен кейін жаңа команданың қосынында болдым. "Атырауға" қарсы кубоктік кездесуде менің жаңа командадағы алғашқы ойыным өтті. Гол соға алмағаным өкінішті болды. Дегенмен біз жеңіске жетіп, команда мені жақсы қарсы алды. Мен "Таразда" ойнайтыныма қуаныштымын!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×