Армения құрамасының бапкері: Жас футболшыларды өте жақсы командаларға қарсы ойындарда тексеріп алудың жақсы мүмкіндігі

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
23.05.2024, 14:27

Армения құрамасының бас бапкері Александр Петраков маусымда болатын жолдастық кездесулерге шақырту алған футболшылар жайлы ойын айтты

Армения құрамасының бапкері: Жас футболшыларды өте жақсы командаларға қарсы ойындарда тексеріп алудың жақсы мүмкіндігі
Армения құрама командасы

«Алда болатын жолдастық кездесулер – жас футболшыларды өте жақсы командаларға қарсы ойындарда тексеріп алудың жақсы мүмкіндігі. Осындай мақсатта құрамаға тағы да Геворг Тарахчян, Эрик Симонян, Андраник Акопян мен Гор Манвелянды шақырдық. Жарақаттарына байланысты құрама командаға Грант-Леон Ранос, Андре Кализир, Нарек Григорян және Угочукву Иву келе алмайды. Лукас Селараян осы жолы да көмектесе алмайын деп тұр. Мен сондай-ақ, Саргис Адамянды шақырғам, алайда ол екінші Бундеслиганың дайындық кезеңі ерте басталатынын және демалғысы келетінін айтып, құрама қатарындағы ойындарға қатыса алмайтынын жеткізді», - деген болатын А.Петраков.

Естеріңізге сала кетейік, Армения құрамасы 4-маусымда Словениямен, 7-маусымда Қазақстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Жуырда Магомед Адиев те жолдастық кездесулерге қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялаған болатын. Армения мен Қазақстан бұған дейін 3 рет жолдастық кездесу өткізген болатын. Армения екі рет басым түсіп, бір бәсеке тең аяқталған. Соңғы рет қарсыластар осыдан 12 жыл бұрын жолықты. Ол ойында Армения жауапсыз 3 гол салып, айқын жеңіске жеткен. Бір айта кетерлігі, сол матчта Қазақстанның қақпасына кірген 3 доптың екеуін кезінде «Ақтөбе» жейдесінде ойнаған Геворг Казарян салған болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×