ҚФФ президенті: Төрешілердің кәсіби дамуына жабыла көмектесейік

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
22.05.2024, 16:51

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов өзінің бейнеүндеуінде ҚПЛ матчтарында жұмыс істейтін төрешілерге ерекше назар аударды

ҚФФ президенті: Төрешілердің кәсіби дамуына жабыла көмектесейік
ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов

Әділет Назарбайұлы ауқымды хабарламасында премьер-лигадағы қазылар жұмысының сапасын арттыру бойынша нақты жұмыстардың атқарылғанын да айтты.

«Премьер-лигадағы төрелік ету қызметінің сапасы 34 пайызды құраған, ал 2023 жылы біз бұл көрсеткіште біраз ілгерілеп, 76,6 пайызға жеттік. Биыл жоқ дегенде 90 пайыздық деңгейді бағындыруымыз тиіс. Назарларыңызды төрешілер корпусының барлық әрекетінің бүгін УЕФА-ның төрешілік ету департаментінің жіті қадағалауы мен бақылауында екенін аударғым келеді. Бұған қоса мен ФИФА-ға ресми түрде өтініш жолдап, Төрешілер комитетінің басшысы Пьер Луиджи Каллинадан біздің Төрешілік ету және инспекция департаментінің  жұмысына маусым соңында жеке баға беруін сұрадым. Төрешілер жұмысы жайында айтсам, иә, қазылардың қателіктері орын алып тұрады, алайда, ілгерілеудің айқын белгілері де бар: сапалық тұрғыда үздіксіз дамып келеді! Біз барлығымыз осыны мойындауымыз керек және төрешілердің кәсіби дамуына жабыла көмектесейік», - деді Ә.Назарбайұлы.

Айта кетейік, ҚПЛ-дегі біраз матчтан кейін клуб өкілдері төрешілердің жұмысына байланысты арыз-шағым айтқан болатын. Атап айтсақ, «Астана» мен «Тобыл» командалары премьер-лигадағы қазылықты қатты сынаған. Осыған байланысты ҚФФ шұғыл шаралар қабылдап, тиісті шараларды іске асырды.

       

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×