“Елімай” футболшысы ҚПЛ 200 ойын өткізді

22.05.2024, 14:11

“Елімайдың” 34 жастағы қорғаушысы Михаил Габышев “Қайратқа” қарсы ойында Премьер-лигадағы 200 кездесуін өткізді.

“Елімай” футболшысы ҚПЛ 200 ойын өткізді

Ішкі чемпионатта Михаил 2009 жылдың 14 қыркүйегінде дебют жасады. Ол өз мансабын Восток клубында бастаған. Өскемен ұжымында Габышев барлығы 21 ойын өткізді. Одан кейін қорғаушы “Атырау” (9 матч), қарағандылық “Шахтер” (141 матч), ақтаулық “Каспий” (15 матч) және елордалық “Астана” (11 матч) командаларында өнер көрсетті. “Елімай” жейдесінде  Габышев осы күнге дейін 3 кездесуде төбе көрсетті. 

Премьер-лигада Михаил барлығы 200 ойында 8 гол соқты. 

Өз мансабында Габышев Қазақстан чемпионаты мен Кубогын жеңіп алған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×