Армения құрамасының вице-капитаны «Астанамен» келісімшартқа отырды

16.02.2021, 03:30
Ароян бұған дейін «Тамбов» клубында өнер көрсетті.
Армения құрамасының вице-капитаны «Астанамен» келісімшартқа отырды

Армения құрамасының қорғаушысы Вараздат Ароян «Астана» футбол клубына қабылданып, келісім-шартқа қол қойды.

Вараздат - «Пюниктің» тәрбиеленушісі, бұл команданың құрамында үш рет Армения чемпионатын және бес рет ел Кубогін жеңіп алды. Одан кейін футболшы ирандық «Падидех» клубында доп тепті, Ресей чемпионатында «Урал» мен «Тамбов» үшін 60-тан астам матч өткізді.

28 жастағы қорғаушы 2020 жылы Ұлттар Лигасының үш матчында Армения құрамасын капитан ретінде алаңға бастап шықты. Өз елінің құрамасы үшін 55 ойынға қатысып, 2 рет көзге түскен.

Ароян бұдан бұрын, 2014 жылы «Пюник» құрамында Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Астанаға» қарсы, ал 2017 жылы Армения құрамасы сапында Қазақстан құрамасына қарсы ойнаған болатын.

"Астана" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×