Армениялық клубта өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының қорғаушысы мансабын ҚПЛ-да жалғастырады

09.04.2021, 16:03
Қорғаушыға Израильдің екі клубы қызығушылық танытқан еді.
Армениялық клубта өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының қорғаушысы мансабын ҚПЛ-да жалғастырады

Қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский «Қайсар» клубымен келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

26 жастағы футболшы армениялық «Лори» клубынан кетті. Команданың Армения чемпионатынан шығып қалуына байланысты ойыншылардың көпшілігі кетуге мәжбүр болды.

Қорғаушы «Қайсармен» осы жылдың соңына дейін келісім-шарт жасаспақ, бірақ келісім-шартта Рудосельскийге жазда шетелден жақсы ұсыныс түссе, кету мүмкіндігі қарастырылған.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының қорғаушысына Израильдің екі клубы, сондай-ақ армениялық «Ноа» қызығушылық танытқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×