Қосалқы төрешінің Холандтан қолтаңба алуының себебі белгілі болды

09.04.2021, 04:51
Төреші қайырымдылыққа өз үлесін қосқысы келген екен.
Қосалқы төрешінің Холандтан қолтаңба алуының себебі белгілі болды

Чемпиондар Лигасының ширек финалындағы "Манчестер Сити" мен дортмундтық "Боруссия" (2:1) арасындағы матчтың қосалқы төрешісі Октавьян Шовре 20 жастағы норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холландтан қолтаңба алған болатын.

Спорт журналисті Эмануэль Рошу твиттерде Холандтың қолтаңбасы қойылған қағаздардың аукционға шығарылатынын хабарлады. Жиналған барлық қаражат аутизмге шалдыққан адамдарға көмек ретінде жұмсалады.

Төреші сонымен бірге "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Мессидің осы жұмысқа қатты қызығушылық танытқанын мәлімдеді. Кездесулердің бірінде аргентиналық шабуылшы тоғыз қағазға қолтаңбасын қойып берген екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×