Ибрагимович кино әлемінде дебют жасамақ

09.04.2021, 04:37
Златан «Астерикс және Обеликс» фильмінде басты рөлді сомдамақ
Ибрагимович кино әлемінде дебют жасамақ

"Милан" мен Швеция құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимович кино әлемінде дебют жасамақ - ол "Астерикс және Обеликс" деп аталатын фильмнің жаңа бөлімінде басты рөлді сомдайды.

39 жастағы футболшы инстаграм парақшасында жариялағанындай Антивирус есімді кейіпкерді сомдайды. Фильмнің премьерасы 2022 жылы өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар фильмде Венсан Кассель, Марион Котийяр, Жиль Леллуш секілді актерлер ойнайды.

Бұған дейін дәл осы фильмнің алдыңғы бөлімдерінде әйгілі спортшылар басты рөлдерді сомдаған болатын. Атап айтсақ, Михаэль Шумахер, Зинедин Зидан, Тони Паркер, Жан Тодт және Амели Моресмо осы кинода төбе көрсеткен еді.

Ибрагимович Италия чемпионатының ағымдағы маусымында 16 матчқа қатысып, 15 гол соқты. Және 2016 жылдан бері алғаш рет Швеция құрамасына шақырту алды. Ұлттық щұрама сапында 2 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×