Арсен Буранчиев: «Біз тең нәтижеге қуанбауымыз керек, өйткені жеңуіміз қажет еді»

31.03.2022, 00:17
Арсен ұлттық құрама сапында да қорғаушы ретінде өнер көрсетті.
Арсен Буранчиев: «Біз тең нәтижеге қуанбауымыз керек, өйткені жеңуіміз қажет еді»

Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Арсен Буранчиев KazFootball.kz тілшісіне берген сұхбатында Шотландия U-21 құрамасымен өткен ойынға (2:2) қатысты пікір білдірді.

- Тең нәтиже құтты болсын. Шотландиямен болған ойын туралы не айта аласыз?

- Рахмет! Біз тең нәтижеге қуанбауымыз керек, өйткені жеңуіміз қажет еді. Иә, қателіктер болды, концентрацияны жоғалтып алдық. Біз екі голды да стандарттан жіберіп алдық. Айтайын дегенім, алаңда ойынға бей-жай қараған адамдар болған жоқ – барлығы соңына дейін күресті. Дайындықты әрі қарай жалғастырамыз.

- Ойынға ауа райы қалай әсер етті?

- Өте суық болды. Мен ит сияқты қатым қалдым (күледі).

- Ұпай алуға болатынын қай кезде білдіңіз?

- Жақсы ұйымдастырылған қарсы шабуылдардан кейін ұпай аоуға болатынын білдік. Біз батыл әрі сенімдірек ойнай бастадық және бір ұпайды қоржынға салдық.

- Трибунадағы атмосфераға қандай баға берер едіңіз?

- Иә, Алматы «Қайратты» және елімізді қолдау үшін жанкүйерлер көп келетін футбол қаласы. Қолдаулары үшін оларға үлкен рахмет!

- «Қайрат» маусымды жақсы бастады. Мұның сыры неде?

- Біз ғана емес, барлық командалар жаңа мусымды үлкен ықыласпен бастады. Көбірек жұмыс істеп, көп нәрсені қалайтындар заңды түрде нәтижеге жетеді. Маусымды жақсы бастадық деп ойлаймын. Әрі қарай да осы деңгейде жалғастырамыз деп сенемін.

- Биылғы маусымда қорғаныс шебінде өнер көрсетудесіз. Жаңа позицияға үйрену қаншалықты қиын болды?

- Мен бұл позицияны Бірінші лигада Кирилл Моруновтың басшылығымен ойнағандықтан жақсы білемін. Иә, қателіктер бар, бірақ мен бұл позицияда ойнай аламын. Менің ойымша, ойыншы өз кемінде екі позицияда ойнай алуы тиіс. Ең бастысы, командаға пайда әкелу қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×