«Шахтердің» ресейлік жартылай қорғаушысы Арсен Хубулов командадан кетуге жақын, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Тәжірибелі футболшы ұзақ уақыт бойы команда құрамында жаттыққан жоқ.
Қарағандылық клуб ресми түрде Хубулов жарақат алғандықтан Ресейде емделіп жатыр деп хабарлаған еді, дегенмен, «Шахтер» ойыншыларының пікірінше, жартылай қорғаушы мен бас бапкердің арасында келіспеушіліктер болған.
Хубулов өткен жылдан бері қарағандылық клубтың намысын қорғауда. Өткен маусымда ол командаға төртінші орын алып, Конференция лигасына шығуға көмектескен болатын.
Біздің серіктес: FONBET