Арсен Венгер: «Гризманның «Барселонадағы» басты мәселесі - Мессидің шабуыл шебінде ойнауы»

22.10.2020, 15:41
Гризманн осы маусымда төрт матчқа қатысты, нәтижелі әрекет жоқ.
Арсен Венгер: «Гризманның «Барселонадағы» басты мәселесі - Мессидің шабуыл шебінде ойнауы»

Лондондық «Арсеналдың» бұрынғы бас бапкері Арсен Венгер «Барселонада» өнер көрсететін 29 жастағы отандасы Антуан Гризманн туралы пікірімен бөлісті.

«Ұзақ мерзімде өз позицияңызда ойнамау қиынға соғады. Ойыншы алдымен мұны қабылдайды, бірақ егер ол ұзақ мерзімде сол жерде ойнайтынын білсе және позиция оның қасиеттерін қолдануға мүмкіндік бермейтінін сезсе, футболшының көңілі қалады.

Бүгінде Гризманн - орталықта ойнауға мәжбүр ойыншы, өйткені оның жұмыс қарқыны жақсы, пастарында дәлдік бар. Ол соңғы пасымен және соққан голдарымен қауіпті болуы мүмкін, бірақ бір мәселе бар, ол Лионель Мессидің ойнайтын жерінде жүр», - деді Венгер.

Биылғы маусымда Антуан Гризманн «Барселона» сапында барлық турнирлерде 4 ойынға қатысып, бірде-бір нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×