Жоржиньо: «Петр Чехті құрамға қосқаны жақсы болды, бұған дейін онымен тек PlayStation-де ойнаған едім»

22.10.2020, 16:19
Петр Чех «Челсидің» алдағы маусымға арналған тізіміне енді.
Жоржиньо: «Петр Чехті құрамға қосқаны жақсы болды, бұған дейін онымен тек PlayStation-де ойнаған едім»

28 жастағы "Челсидің" италиялық жартылай қорғаушысы Жоржиньо аңызға айналған 38 жастағы қақпашы Петр Чехтің Англия чемпионатына қатысуы туралы пікірін білдірді.

"Менің ойымша, Чех командаға көп көмек бере алады. Ол үлкен тәжірибесі бар аңыз адам, сондықтан менің ойымша, ол киім ауыстыру бөлмесінде командаға көп көмектесе алар еді, егер ол ойнауға мәжбүр болса, мұны да жасай алады.

Онымен бірге ойнайтынымыз жақсы болды, өйткені мен онымен тек Playstation-де ойнаған едім!", - деп келтіреді Mirror Жоржиньоның сөздерін.

Чех кәсіби мансабының көп бөлігін "Челсиде" өткізді. Қақпашы 2004-2015 жылдар аралығында Лондондық команданың намысын қорғады. "Көктермен" бірге 15 кубок жеңіп алды, соның ішінде төрт рет Премьер-Лига және бір рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды. Чех мансабының соңғы жылдарын "Арсеналда" өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×