
Лондондағы “Эмирейтс” стадионында өткен Чемпиондар лигасының ширек финалының алғашқы ойынында "Арсенал" "Реал Мадридті" 3:0 есебімен тас-талқан етті.
Бірінші таймда есеп ашылмады, екі команда да сақ ойнады. Екінші таймда алаң иелері толық үстемдік жүргізіп, ойын тағдырын шешті.
58-минутта Деклан Райс айып соққысымен есеп ашты — доп Куртуаның қақпасының тосын бұрышына дәл ұшты.
70-минутта Райс тағы бір айып добынан керемет гол салып, есепті еселей түсті.
75-минутта Микель Мерино Леандро Троссардың пасынан кейін үшінші голды соқты.
Деклан Райс – матчтың басты батыры атанды. Екі голды да айып соққысынан соқты.
"Реалдың" жұлдызы Килиан Мбаппе бірнеше мүмкіндікке ие болғанымен, соққылары сәтсіз шықты.
Эдуардо Камавинга ойын соңында екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылып, келесі матчқа қатыса алмайтын болды.
Осылайша "Арсенал" жауаптық кездесуге үлкен артықшылықпен барады. "Сантьяго Бернабеуде” өтетін қарымта матчта "Реал Мадридке” келесі кезеңге өту үшін кемі төрт гол салып қақпаларына гол жіберіп алмауы керек.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET