
Чемпиондар лигасының ширек финалының алғашқы ойынында Миланның "Интерi" Мюнхенде "Баварияны" 2:1 есебімен жеңіп, керемет нәтижеге қол жеткізді.
"Интер” алаңда жинақы ойнап, қарсы шабуылдар арқылы қауіп төндірді. 38-минутта Лаутаро Мартинес Карлос Аугустоның пасынан кейін есеп ашты.
"Бавария" допты көбірек бақылауда ұстағанымен, мүмкіндіктерді пайдалана алмай жатты. Дегенмен 85-минутта Томас Мюллер есепті теңестіріп, жанкүйерлерге үміт сыйлады.
Бірақ небәрі үш минуттан кейін, 88-минутта Давиде Фраттези баспен шешуші голды соғып, "Интерге" жеңіс әкелді. Тағы да ассист жасаған — Карлос Аугусто.
Матчтың үздігі екі нәтижелі пас берген Карлос Аугусто.
"Интер” қорғанысда өте сенімді ойнап, "Баварияның” қысымына төтеп берді.
"Бавария" енді "Сан-Сиродағы” қарымта ойында кем дегенде 2:1 есебімен жеңіске жетуі керек, тек сол кезде ғана матч қосымша уақытқа созылады.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET