
«Пари НН» клубының директоры Давид Мелик-Гусейнов Магомед Адиевке байланысты ақпаратқа нүкте қойды.
Айта кетейік, осыған дейін Нижни новгородтық команда басшылығы қазіргі бас бапкері Владимир Гончаренконың орнына басты кандидат ретінде Магомед Адиевті қарастырып отыр деген ақпарат шыққан.
«Пари НН» қазір ешқандай кандидатты қарастырып жатқан жоқ. Ақпараттық кеңістікте тарап жүрген әңгімелердің ешқайсысы шындыққа жанаспайды. Біз Магомед Адиевпен ешқандай келіссөздер жүргізген жоқпыз. Дәл қазір бапкерлік құрамды ауыстыру жөнінде мүлде ондай жоспар жоқ, әсіресе «Динамомен» болатын ойын алдында мұндай қадамға бару орынсыз»,- деді ресейлік клуб басшысы.
Бұған дейін Магомед Адиевті біраз БАҚ «Атыраумен» байланыстырған. Ресейлік маман «мұнайшылардың» президенті Дидар Сыдықбекпен келісімге келді деп жазды. Алайда, Қазақстан құрамасы мен қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы бас бапкері бұл ақпаратты да жоққа шығарған болатын.
Біздің серіктес: FONBET