“Арсенал 3:0 Реал Мадрид”: Статистикалық мәліметтер

09.04.2025, 17:00

Сандар сөйлесін. 

“Арсенал 3:0 Реал Мадрид”: Статистикалық мәліметтер

– 18 жасар Майлс Льюис-Скелли бұл ойында 74 рет допқа иелік етіп, 54 рет сәтті пас беріп, 2 рет голдық мүмкіндік жасап және Микель Мериноға голдық пас сыйға тартты.

– “Арсенал” биылғы маусымда барлық чемпионаттарда пенальтиден басқа стандарттық жағдайлардан ең көп гол салған АПЛ-дің командасы. /21/

– Жәнеде олар 2003/04 маусымнан бергі Чемпиондар лигасының финалдық кезеңінде “Реал Мадрид” қақпасына 11 рет дәл соққы жасаған 2009 жылғы “Ливерпульден” кейінгі екінші команда.

– Матч үздігі атанған Деклан Райс Чемпиондар лигасының бір ойынында 2 рет еркін соққыдан гол салған тарихдағы 5-ші ойыншы болды.

2025 - Деклан Райс vs “Реал Мадрид”

2023 - Хаким Зиех vs “Манчестер Юнайтед”

2018 - Неймар vs “Црвена Звезда”

2009 - Криштиану Роналду vs “Зурих”

2000 - Ривальдо vs “Милан”

– Жәнеде ол бұндай жетістікке турнирдің финалдық кезеңдерінде жеткен алғашқы сондай ақ “Арсенал” үшін Чемпиондар лигасында еркін соққыдан гол салған 4-ші ойыншы болды.

– “Арсенал” Чемпиондар лигасында 7 ойын қатарынан жеңілмеді. Бұл олардың соңғы 10 маусымдағы ең көп ойынға созылған жеңіліссіз сериясы.

– “Зеңбірекшілер” “Каролдік” клубтың Чемпиондар лигасында ең көп ойында жеңе алмаған командасы. Олар “Арсеналмен” 3 рет кездескенде тіптен гол да сала алмаған.

– “Реал Мадрид” Чемпиондар лигасында 16 жылдан кейін 2 ойын қатарынан гол соға алмады. Соңғы рет олар бұндай төмен көрсеткішді 2009 жылы “Ливерпульге” қарсы екі ойында тіркеген.

– Микель Мерино “Реал Мадрид” қақпасына 4-ші рет гол соғып отыр. Ол мансабында басқа ешқандай командаға осыншама көп гол соқпаған.

– Бұл матчда Лука Модрич Карим Бенземаның рекордын қайталап “Реал Мадрид” үшін Чемпиондар лигасында ең көп ойынға қатысған шет елдік ойыншы атанды. /133/

                                                    Өнер Айболат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×