"Арсенал" клубының басшылығы коронавирустық пандемияға байланысты қаржылық жағдайын жеңілдету үшін мемлекеттік көмекке жүгіну туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Goal.com сайты.
Клуб несиеге алынған 132 миллион еуроны мамыр айына дейін үстіндегі пайызымен қоса қайтаруға міндетті. Бұған дейін "Тоттенхэм" клубы да осы әдісті пайдаланып, 194 миллион еуро көлемінде несие алған болатын.
Пандемияға байланысты "Арсеналдың" табысы күрт төмендеді, матч күніндегі клубтың табысы жанкүйердердің жоқтығынан айтарлықтай азайды, бұл әдетте клубтың жылдық кірісінің 24%-ын құрайды.
Өткен жылы "Arsenal Supporters Trust" қоры клубтың осы маусымдағы қаржылық жағдайына талдау жасаған еді және осыған сәйкес 2020/2021 жылғы маусымдағы барлық ойын жанкүйерлерсіз өтсе, "Арсенал" 159 миллион еуро көлемінде шығынға ұшырайтынын болжады.
Естеріңізге сала кетейік, Англия чемпионатының 17 турынан кейін "Арсенал" турнир кестесінде 23 ұпаймен 11-орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET