Почеттиноның басты трансферлік мақсаты айқындалды

08.01.2021, 17:44
Агуэро алдағы жазда еркін агент атанады.
Почеттиноның басты трансферлік мақсаты айқындалды

"Пари Сен-Жерменнің" жаңа бас бапкері Маурисио Почеттино клубтың осы жаздағы басты трансферлік мақсатын анықтады, деп хабарлады футбол агенті Бруно Сатин Canal + арнасына берген сұхбатында.

Сатиннің айтуынша, Почеттино "Манчестер Ситидің" шабуылшысы Серхио Агуэроны алғысы келеді. Почеттино ПСЖ-ның бас бапкері қызметіне 2 қаңтарда тағайындалған еді. Аргентиналық маман желтоқсан айының соңында қызметінен босатылған неміс маманы Томас Тухельді алмастырды.

Почеттино "Тоттенхэмді" 2014 жылдан 2019 жылға дейін баптады. Агуэро "Манчестер Ситиге" 2011 жылдың жазында Мадридтік "Атлетикодан" ауысқан. Трансфер сомасы 40 миллион еуроны құрады. Оның "Манчестер Ситимен" келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×