«Арсенал» Англия құрамасының қорғаушысын қатарға қоспақ

18.07.2021, 15:11
Жас қорғаушының трансферлік құны 50 миллион фунт стерлингті құрады.
«Арсенал» Англия құрамасының қорғаушысын қатарға қоспақ

Англия құрамасы мен "Брайтон" клубының орталық қорғаушысы Бэн Уайт жақын арада "Арсенал" ойыншысы атанады. Бұл жайлы белгілі инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.

"Арсенал" 23 жастағы қорғаушы үшін "Брайтонға" 50 миллион фунт стерлинг төлейді. Ал келісім-шарт 2026 жылдың маусымына дейін жасалады.

Уайт демалыстан оралғаннан кейін медициналық тексерістен өтетін болады. Қорғаушы Англия құрамасымен бірге Еуропа чемпионатына қатысқандықтан, командаға кеш қосылады. Ал оған қызығушылық танытқан "Эвертон" ресми ұсыныс жасаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×