«Қайрат-Мәскеу» клубын жаттықтыратын бапкерлердің есімі белгілі болды

18.07.2021, 17:31
Бас бапкер бұған дейін «Қайраттың» жастар командасында жұмыс істеген.
«Қайрат-Мәскеу» клубын жаттықтыратын бапкерлердің есімі белгілі болды

"Қайрат-Мәскеу" командасын жаттықтыратын бапкерлердің есімі белгілі болды:

Бас жаттықтырушы: Евгений Валерийұлы Коструб.

Коструб УЕФА-ның "А" санатындағы жаттықтырушы лицензиясына ие, бапкер ретінде ол өзінің мансабын Пехлеваниди академиясында бастады, содан кейін Сегізбаев академиясының негізгі бөліміне, кейінірек "Қайрат Жастар" командасына ауысып, соңғы екі жылын сол жерде өткізді

Бас бапкердің көмекшісі Олег Недашковский Олегұлы УЕФА-ның "А" санатындағы жаттықтырушы лицензиясына ие. Бапкерлік мансабын Квочкин академиясында бастап, Сегізбаев академиясында жалғастырды. "Қайрат" командасының ойыншысы ретінде 2013 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Физикалық дайындыққа жауапты маман Лузиков Николай Мәскеудегі жастар командаларында жұмыс істеген. Соңғы рет "Строгино" академиясында тер төкті. Ол сондай-ақ Александр Зинченко сияқты әйгілі ойыншылардың жеке жаттықтырушысы ретінде қызмет атқарды.

Қақпашылардың жаттықтырушысы Виталий Миллер Викторұлы қазіргі уақытта UEFA PRO лицензиясын алу үшін білім алуда. Қазақстанның тумасы ойыншы ретіндегі мансабын аяқтағаннан кейін Ресейде "Химки", "Локомотив" сияқты клубтарда жұмыс істеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×