Қазақстан чемпионатының маусым айындағы үздік бапкері мен ойыншысы анықталды

18.07.2021, 18:06
Қос сыйлық та алматылық клубтың мүшесіне бұйырды.
Қазақстан чемпионатының маусым айындағы үздік бапкері мен ойыншысы анықталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының үздік бас бапкері мен ойыншысын анықтады. 

Маусым айының үздік ойыншысы болып алматылық «Қайрат» командасының легионері Вагнер Лав танылды. Бразилиялық ойыншы 37 ұпай жинады. 

Аталмыш тізімде екінші орынға елордалық «Астананың» көшбасшысы Марин Томасов орналасты. Ол 30 ұпайға ие болды. Үшінші орында – «Қайрат» командасының шабуылшысы Артур Шушеначев. Қазақстандық ойыншы 20 ұпайға қол жеткізді. 


Маусым айының үздік бас бапкері болып «Қайрат» командасының жас жаттықтырушысы Кирилл Кекер атанды. Ол 6 ұпай жинады. 


Жүлделерді жеңімпаздарға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Кубогының 2-тур «Қайрат» - «Каспий» кездесуінің алдында ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев табыстады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×