«Арсенал» - Англия Суперкубогының иегері

30.08.2020, 04:35
Осылайша Артета жарты жыл ішінде екі кубок жеңіп алды.
«Арсенал» - Англия Суперкубогының иегері

«Арсенал» Англия суперкубогында «Ливерпульді» жеңді. Кездесу Лондондағы Уэмбли стадионында өтіп, 1:1 (пенальти бойынша 5:4) есебімен аяқталды.

"Арсенал" өз тарихында дәл осы кубокты 16-шы рет жеңіп алды. Кездесудің 13-минутында Пьер-Эмерик Обамеянг Алиссон қақпасының алыс бұрышын дәл көздеп, есеп ашты. 73-минутта Такуми Минамино есепті теңестірді. «Арсеналдың» айып алаңындағы қателігінен кейін Минамино еш қиындықсыз гол соғып кетті.

Пенальти сериясында «Арсенал» ойыншылары мықты болып шықты - 5:4. "Ливерпуль" сапында пенальти орындау барысында Брюстер қателесіп қалды.

Кубоктың алдыңғы жеңімпазы - "Манчестер Сити" болып табылады. Ал осы турнирде ең көп топ жарған команда - «Манчестер Юнайтед» (21 кубок).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×