«Оқжетпес» пен «Шахтёр» ұпай бөлісті

30.08.2020, 03:53
«Оқжетпес» пен «Шахтёр» ұпай бөлісті

Көкшетаулық "Оқжетпес" Премьер-лиганың 7-турында Қарағандылық "Шахтёр" клубымен тең ойнады.

Матч Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. "Шахтёр" бірінші болып есеп ашты. 27-минутта «Шахтердің» қорғаушысы Гидеон Баа айып добынан асырылған пасты голға айналдырды. 87-минутта Марко Обрадович есепті теңестіріп, «Оқжетпесті» жеңілістен құтқарды.

Осы ойыннан кейін «Шахтер» он ұпай жинап, «Астана», «Тобыл» дәне «Ордабасыны» қуып жетті (әрқайсысы 10 ұпайдан). «Оқжетпес» еншісінде төрт ұпай бар, команда соңғы орынды қала бермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×