«Қайсар» екінші орынға көтерілді

30.08.2020, 01:02
«Қайсар» екінші орынға көтерілді

Қызылордалық «Қайсар» Қазақстан Премьер-лигасының жетінші турында Қостанайлық «Тобыл» клубынан басым түсті.

Матч Алматының Орталық стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. Кездесуде бірінші болып "Қайсар" гол соқты - ойынның 20-минутында «Қайсардың» шабуылшысы Артур Режиналдо қақпашының қателігін сәтті пайдаланып кетті. «Тобыл» екінші таймда басымдықты өз қолдарына ала бастады. 63-минутта Сергей Малый баспен гол соқты. 76-минутта «Қайсардың» капитаны Асхат Тағыберген тағы да алыстан дәл соққы жасап, команданы алға шығарды.

Осы жеңістің арқасында «Қайсар» 13 ұпай жинап, «Қайраттан» екі ұпайға артта қалғанымен, екінші орынға көтерілді. "Тобылда" он ұпай бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×