"Арсенал"-"Астон Вилла". Матч алдыңдағы ой

30.05.2015, 19:48
"Арсенал"-"Астон Вилла". Матч алдыңдағы ой
Прогноз на матч Арсенал - Астон Вилла [30.05.15] : класс против мотивации Бүгін Лондондағы атақты Уэмбли стадионында Англия кубогінің финалы өтеді. "Арсенал" мен "Астон Вилла" тамыры XIX ғасырға кететін турнирдің жеңісін сарапқа салмақ.
Арсенал – Астон Вилла
Стадион: "Уэмбли" (Лондон). Басталу уақыты: 22:30. Бас қазы: Джонатан Мосс. Англия кубогі ағылшын елінде екінші санаттағы турнир саналғанымен, "Арсенал" секілді әр маусымда АПЛ-дың алтынына жолай алмайтын команда үшін бұл турнирдегі жеңістің маңызы зор. Арсен Венгер шәкірттері ішкі біріншілікте қоланы алып, келесі маусымда Чемпиондар Лигасындағы жолын топтық турнирден бастауға мүмкіндік алды. Былтыр да осы Англия кубогінде топ жарған "Арсенал" үшін, қатарынан екінші жыл кубокті алып, сонымен қатар жазда Челсимен Суперкубокке таласуға мүмкіндік туады. Бас бапкердің айтуынша, маусымның сәтті немесе сәтсіз болып бағалануы, бүгінгі матчтағы жеңіске байланысты. Маусымның басынан-аяғына дейін АПЛ-дағы орнын сақтап қалуға таласумен болған "Астон Вилла" үшін Англия кубогіндегі жеңіс келесі маусымда Еуропа Лигасында ойнауға мүмкіндік бермек. Жаттықтырушылық қызметке, былтыр "Тоттенхэмдағы" жұмысымен тағылған Тим Шервуд келгелі бері, команданың ойыны түзеліп, қарсыласын қақпасына гол салуды үйреніп, бастысы Премьер-Лигадағы орнын сақтап қала алды. "Астон Виллаға" шабуылға басты назарды аударатын футболды әкелген Тим Шервуд, команда үшін соңғы он тоғыз жылдағы алғашқы трофейді жеңіп алса, енді басталған бапкерлік мансабындағы алғашқы ірі жеңісі болмақ. Басшылық та ойланбастан жаңа келісім-шарт ұсынатыны түсінікті. Екі команданың турнирдегі жолы:
Кезең "Арсенал" "Астон Вилла"
3-ші кезең "Арсенал" - "Халл Сити" 2:0 "Астон Вилла" - "Блэкпул" 1:0
4-ші кезең "Брайтон" - "Арсенал" 2:3 "Астон Вилла" - "Борнмут" 2:1
1/8 финал "Арсенал" - "Мидлсбро" 2:0 "Астон Вилла" - "Лестер" 2:1
ширек финал "Манчестер Юнайтед" - "Арсенал" 1:2 "Астон Вилла" - "Вест Бромвич" 2:0
жартылай финал "Рединг" - "Арсенал" 1:2 (д.в.) "Астон Вилла" - "Ливерпуль" 2:1
Қызықты мәліметтер: -Бұл матч "Арсенал" үшін Англия кубогіндегі 19-ші финалы болмақ. Әзірге 11 жеңіс. "Арсенал" бұл жағынан Англиядағы рекордтың иесі. -Ал, Арсен Венгер өзі қатысқан 6 финалдың 5-еуінде жеңіспаз атанған бапкер. Даңқты Алекс Фергюссонның да нәтижесі осындай. -Мейлі, соңғы жеңісі өткен ғасырдың 50-шы жылдарына тұспа-тұс келсе де, "Астон Вилланың" да турнирдегі көрсеткіші жаман емес. 10 финал, 7 жеңіс. -Соңғы рет "Астон Вилла" финалда 2000-шы жылы ойнаған еді. Команда "Челсиға" 0:1 есебімен есе жіберген. -Шервуд командасының шабуылшысы Кристиан Бентеке "Арсеналға" қарсы соңғы 3 кездесуде 3 гол салған. Бүгін де "зеңбірекшілер" үшін басты қауіп осы футболшы тарапынан туындамақ. -"Уэмблидегі", соңғы 8 жылдағы финалда міндетті түрде минимальды есеп тіркелген. Командалардың болжамды құрамдары: Арсенал: Щесны — Бельерин, Мертезакер, Косельни, Монреаль — Касорла, Кокелен — Рэмси, Езил, Санчес — Жиру Астон Вилла : Гивен — Бакуна, Влаар, Бэйкер, Ричардсон — Клеверли, Вествуд, Делф — Грилиш, Агбонлахор — Бентеке     Фараби ӘБДІХАЛЫҚ   
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×