“Арсенал” Италиялықтарды жолда қалдырды

25.08.2011, 22:02
“Арсенал” Италиялықтарды жолда қалдырды
Чемпиондар лигасының төртінші раунд аясындағы қалған  ойындардың нәтижесі кеше  белгілі болды.
Өткен түнде Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің кездесулері болып өтті. Италияндық «Удинезе» ағылшынның «Арсеналын» өз алаңында қабылдап, апта бұрынғы жеңілісінен қарымта қайтармақ болып еді. Алайда жауапты кездесу де қонақтар басымдық танытып, 2-1 есебімен жеңіске жетті. Франческо Гвидолин шәкірттерінің лидері Ди Натале есеп ашып, жакүйерлерінің үмітін құрметіне бөленді.
Бірақ алаң иелерінің бұдан әріге шамалары жетпеді. Тіпті, жаңағы Ди Натале 11 метрлік айып соққысын да орындай алмады. Есесіне Канонирлер сапынан Ван Перси мен Тео Уолкотт италияндықтардың қақпасын нысанаға алып, нәтижені 2-1-ге жеткізді. Жеңіс тойын тойлаған Арсен Венгер командасы топтық кезеңге жолдама алды.
Сонымен қатар келесі топтық кезең жолдамаларын Еуропаның бірқатар командалары сарапқа салған болатын. «Арсеналдан» өзге екі матчтың қорытындысы бойынша 5-3 есебімен жеңіске жеткен «Бенфика» «Штурмның» мысын басқан «Бате» де келесі айналымда. Чехия біріншілігінің көшбасшысы «Виктория» даниялық «Копенгагенді» екі ойында да тас талқан етіп, Чемпиондар лигасының бас жүлдесінен үміткер ретінде танылды.
Рубин 1-1 Лион Виктория Пльзен 2-1 Копенгаген Штурм 0-2 БАТЭ Удинезе 1-2   Арсенал Бенфика 3-1 Твенте Қазақстан телеарнасы
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×