Бразилиялық шабуылшы Рикардиньо "Қайратпен" қоштасты. Екі тарап келісімшартты өзара келісім бойынша бұзуға шешім қабылдаған, деп хабарлайды Aladop.kz.
Рикардиньо “Cары-Қаралар” қатарына 2025 жылдың шілдесінде қосылған болатын. Оның Қазақстандағы мансабы өте сәтті басталды.
– Алғашқы матч – алғашқы гол: Ол клуб сапындағы алғашқы ойынында-ақ “Тұран” қақпасын дәл көздеп, жанкүйерлердің ықыласына бөленді.
– Чемпиондар лигасының жұлдызы: Бразилиялық шабуылшы тек ішкі біріншілікте емес, Еуропаның ең беделді додасы — Чемпиондар лигасында да өзін көрсете білді. Лиссабондық “Спортингке” қарсы ойында нәтижелі пас шығарса, Лондонда “Арсенал” қақпасына гол соқты.
Рикардиньоның “Қайраттағы” статистикасы
Бразилиялық легионер Алматылық ұжым сапында бір жылға жуық уақыт ішінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізді:
32 ойын, 4 гол, 2 нәтижелі пас.
“Қайрат” клубы футболшыға атқарған жұмысы мен маңызды голдары үшін алғыс айтып, оның болашақ мансабына сәттілік тіледі.