«Арсенал» Маттео Гендузимен қош айтысты

06.10.2020, 05:52
Жарьылай қорғаушы бір жылға жалға берілді.
«Арсенал» Маттео Гендузимен қош айтысты

"Арсенал" өзінің ресми сайтында жартылай қорғаушы Маттео Гендузидің «Гертаға» жалға берілгенін жариялады. 21 жастағы футболшы 2020/2021 маусымды Германиялық клубта өткізеді.

Гендузи 2018 жылы «Лорьяннан» «Арсеналға» ауысқан болатын. Лондондық клубтың құрамында футболшы өткен маусымда Англия кубогын жеңіп алды. «Зеңбірекшілер» құрамында француз жартылай қорғаушысы 82 кездесу өткізіп, 1 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

Бұған дейін Гендузиге "Манчестер Юнайтед", "Валенсия" және "Лион" қызығушылық танытқаны туралы хабарланған болатын. Берлиндік «Герта» үш кездесуде 3 ұпай жинап, Германия чемпионатының турнир кестесінде 13-орында тұр. Жарыс көшбасшысы үш кездесуде 7 ұпай жинаған "РБ Лейпциг".

Мадридтік «Атлетико» командасының жартылай қорғаушысы Томас Парти "Арсеналға" ауысуға жақын, деп хабарлайды Goal.

Бұған дейін 27 жастағы ойыншыны алудың жалғыз мүмкіндігі - келісімшартта белгіленген 50 миллион еуро көлеміндегі өтемақыны төлеу екендігі хабарланған болатын. Бұл жағдайда сома біржолғы және толық көлемде төленуі керек. "Зеңбірекшілер" барлық шарттарды орындауға дайын, қазір адвокаттар келісім бойынша жұмыс істеп жатыр.

2019/2020 жылғы маусымда Томас Парти «Атлетико» сапында барлық турнирлерде 46 матч өткізіп, 4 гол соғып, 1 голдық пас берген. Оның Мадридтік клубпен келісімшарты 2023 жылдың маусымына дейін жарамды, әйгілі Transfermarkt порталы ойыншының құнын 40 миллион еуроға бағалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×