"Арсенал" мен "Ливерпуль" клубтарының басты нысанасы - Дибала

24.01.2015, 10:07
"Арсенал" мен "Ливерпуль" клубтарының басты нысанасы - Дибала
Италияның А сериясында өнер көрсететін "Палермо" клубының ойыншысы Дибалаға лондондық "Арсенал" және Ливерпуль клубтары қызығушылық танытуда. 21 жасар шабуылшы "Палермо" сапында 72 рет алаңға шығып, 17 голдың авторы атанған. Алаңда 9  нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді. Па́уло Бру́но Диба́ла 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келген. Бұл аргентиналық футболшының атасы польша ұлтының өкілі. Ал туыстарының көпшілігі италияндықтар. Paulo Dybala - Palermo 2014/15 (LaPresse) Үлкен футболға 2011 - 2012 жылдары қадам басқан. Алғашқы өнер көрсеткен клубы аргентиналық "Институто". 38 ойын, 17 гол) Дибала сонымен қатар, Аргентина біріншілігіндегі өнер көрсететін  "Институто" клубының 1000 - шы голын соққан екен. "Палермо" клубымен 2012 жылдың 20 маусымында 4 жылдық келісім - шарт жасасқан болатын. Ал алаңға 2 қыркүйек күні  «Лацио» клубына қарсы ойында шықты. Алғашқы голын туған күнінен төрт күн бұрын, яғни, 11 қарашада  «Сампдория» командасының қақпасына салды. Бір ғана доп соғып қана қоймай дубль авторы атанды.     Абылайхан ЖҰМАШ       
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×