"Арсенал" "Монаконы" жеңуге тырысады

26.02.2015, 00:07
"Арсенал" "Монаконы" жеңуге тырысады
Бүгін түнде Чемпиондар лигасының екінші күні. Оның ішіндегі қызықты матчтың бірі "Арсенал" мен "Монако" арасындағы ойын. Ал екінші кездесуде "Байер" мен "Атлетико" М ойнайды. Лондондық команда футболшыларының барлығы да француздарды жеңіге тырысамыз деп отыр. Букмекерлік кеңселер де Арсен Венгер командасын фаворит санап отыр. Ал соңғы кездері "Монаконың" ішкі чемпионаттағы жағдайының нашарлап кеткенін де білетін шығарсыздар. Осы күні "Монако" 43-ұпайменен турнирлік кестеде 4-орында келе жатыр. Бүгінгі матчқа бұл команда сапында негізгі құрамда Димитар Бербатов шығып қалуы ықтимал. Бұрын "МЮ" шабуылшысы болып жүрген кезінде болгариялық шабуылшы талай мәрте "зеңбірекшілер" қақпасына гол салған болатын. Негізгі орталық ойыншы Тулалан диквалификацияға ұшырап, осы ойынға шықпайтын болған. Сонымен қатар, Леонарду Жардим командасында Курзава мен Феррейра Карраско Лондонға келгенімен де, оларда кішігірім жарақат бар. "Арсенал" жайлы сөз қозғар болсақ. Бұл командада Рэмси, Артета, Дебюши секілді футболшыларда жарақат бар. Сондықтан да бас бапкер бүгін Коклен мен Касорла жұбын ортаға қоюы ықтимал. Бұл матчты қазақстандық көрермендер "КТК" арнасынан 1-45те тікелей эфирде көре алады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×