«Арсеналдың» 30 жастағы қақпашысы Бернд Лено жақын арада «Фулхэммен» келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды Sky Sport.
Дереккөздің айтуынша, қос тарап барлығын келісіп қойған. Бірақ командалар әлі күнге дейін трансфер сомасын талқылауда. «Арсенал» неміс қақпашысы үшін 12 миллион еуро талап етуде.
Германия құрамасының қақпашысы 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін көбірек ойнағысы келеді, сондықтан «Арсеналдан» кету туралы шешім қабылдады..
Бернд Леноның лондондық клубпен келісім-шарты 2023 жылдың жазында аяқталады. 30 жастағы қақпашы «Арсеналға» 2018 жылы «Байерден» 25 миллион еуроға ауысып келген еді. Содан бері «канонирлер» үшін 122 матч өткізді. Өткен маусымда Лено негізгі құрамдағы орнын англиялық Аарон Рэмсдейлге беріп қойды.
Біздің серіктес: FONBET