«Қайрат» пен «Аяттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

08.07.2022, 01:09
«Қайрат» пен «Аяттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

Өткен маусымда Қазақстан чемпионы атанған «Қайрат» пен күміс жүлдегер «Аяттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды.

Бұл кезеңде өнер көрсететін алматылық «Қайрат» А тобында Францияның «Спортинг Париж», Бельгияның «Андерлехт» және Испанияның «Пальма» командаларымен күш сынасады. 

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған «Аят» В тобында Хорватияның «Ново Время» және «Пула» клубтарымен, сондай-ақ португалиялық «Спортингпен» ойнайды.

Әрбір топтан үздік үш команда Чемпиондар лигасының 2022/23 жылғы элиталық раундына жолдама алады.

Турнирдің негізгі кезеңінің матчтары 25-30 қазан аралығында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×