«Шахтер» екі шетелдік футболшымен толықты

08.07.2022, 00:16
Бірі мәскеулік ЦСКА-ның түлегі, екіншісі Грузияның жастар құрамасында доп тепкен.
«Шахтер» екі шетелдік футболшымен толықты

Қарағандылық «Шахтер» 29 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Евгений Кобзарьмен және 24 жастағы грузиялық жартылай қорғаушы Темур Чогадземен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Евгений Кобзарь – мәскеулік ЦСКА-ның түлегі. Ол ресейлік «Локомотив», «Химки», «Сахалин», «Зенит-Ижевск», эстониялық «Левадия», армениялық «Урарту» және латвиялық «Спартак» командаларында өнер көрсетті.

29 жастағы вингердің соңғы клубы армениялық «Нораванк» болды, онда футболшы 16 ойында 2 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.

Кобзарь «кеншілер» сапында 99-шы нөмірмен ойнайтын болады.

Темур Чогадзе кәсіби мансабын «Сабуртало» клубында бастады. Кейін Грузияның «Динамо Батуми», «Торпедо Кутаиси», «Рустави», «Телави» және украиналық «Олимпик», «Ингулец» командаларында доп тепті.

Темурдың соңғы клубы грузиялық «Гагра» болды (19 кездесу). Грузияның жасөспірімдер және жастар құрамасында ойнаған.

Чогадзе қарағардылық клубта 6-шы нөмірмен өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×