«Арсенал» Сеск Фабрегасты «Барселонаға» беруге асықпайды

06.08.2011, 05:39
«Арсенал» Сеск Фабрегасты «Барселонаға» беруге асықпайды
Лондондық «Арсенал» 24 жасар жартылай қорғаушы Сеск Фабрегасты «Барселонаға» беруге асықпайды. Ұзаққа созылған келіссөздер нәтижесіз аяқталып, түптеп келгенде бар мәселе  Фабрегастың трансферлік бағасына тірелген . Лондондықтар испан жігітін 45 миллион еуроға бағалағаны белгілі. Алайда ол қаржыны Фабрегас үшін көпсінген каталондықтар 38 миллион еуро ұсынған. Ағылшындық клубтың президенті Питер Хилл Вуд «Барселона» басшылығына жылдам шешім қабылдауын сұрауда. Ал Еуропада трансферлік маусым осы айдың онында жабылатынын ескерсек, Фабрегастың жаңа клубқа ауысуы екі талай болып тұр. «Эмирейтс» стадионында жаттығуын жалғастырып жатқан талантты жартылай қорғаушының  әзірге көңіл күйі жаман емес. Естеріңізге сала кетсек Испания құрамасының ойыншысы «Барселонада» доп тепкісі келетінін жасырмаған. Төлеген Жұмабек
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
1-лиганың нәтижесі
Келесі жаңалық
Жаңа маусым -жаңа форма
Серіктес жаңалықтары
×