Жанкүйерлерінің нәсілшіл әрекеті үшін УЕФА “Реал Мадридке” айыппұл салды

03.05.2025, 08:30

"Реал Мадрид" "Арсеналға" қарсы Чемпиондар лигасындағы ойыны кезінде жанкүйерлерінің нәсілшіл әрекеттері үшін УЕФА-дан тағы да айыппұл алды. Бұл оқиға сәуір айының басында Лондонда, "Эмирейтс" стадионында өткен матч кезінде орын алған.

Жанкүйерлерінің нәсілшіл әрекеті үшін УЕФА “Реал Мадридке” айыппұл салды

Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, УЕФА-ның Бақылау, этика және тәртіп комитеті "Реал Мадридті” жанкүйерлерінің нәсілшіл көзқарасы үшін 15 000 еуро көлемінде айыппұлмен жазаламақ. Және алдағы бір жыл ішінде осыған ұқсас құқық бұзушылық қайталанса, "Реалдың" жанкүйерлері Еурокубоктық сырт алаңдағы матчтарға бара алмайды.

Бұл – "Реал Мадридтің” осы маусымда УЕФА-мен алғаш рет мәселе туғызуы емес. Бұған дейін, Мадридтік дербиден кейін Антонио Рюдигер, Килиан Мбаппе және Дани Себальостар айыппұл алған болатын. УЕФА олардың жеңісті тойлау әрекеттері шектен шыққан деп санап, Рюдигер мен Мбаппені бір ойынға шеттеткен.

Алайда, "Реал Мадрид” соңғы жылдары футболдағы нәсілшілдікке қарсы белсенді түрде пікір білдіріп жүр. Мәселен, қазан айында "Сантьяго Бернабеу” стадионында Ламине Ямалға бағытталған нәсілшіл шабуылдарға қарсы клуб ашық мәлімдеме жасаған. Алайда, сол кезде кінәлі жанкүйерлердің кім екені анықталғаны немесе стадионнан шығарылғаны туралы нақты ақпарат берілмеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×