Артуро Видаль өз командасында қалды

05.12.2013, 06:09
Артуро Видаль өз командасында қалды
  Италиялық «Ювентус» клубы жартылай қорғаушы Артуро Видальмен арадағы келісім-шарт мерзімін ұзартқанын мәлімдеді. Жаңа келісім-шарт 2017 жылы 30 маусымына дейін күшіне ие. Осы аралықта чилилік футболшы Туринде төккен тері үшін жылына 5.5 млн. евроны санап алатын болады. Артуро Видаль 1987 жылдың 22 мамырында дүниеге келген. «Ювентус» командасы 2011 жылы 10.5 млн. евро қаржы бөліп оны Германияның «Байер 04» құрамасынан сатып алған. әрі бес жылдық келісімге қол қойған болатын. Ол келген бойда негізгі құрамнан өз орынын тапты. Әрі командасының  қатарынан екі жыл Италия чемпионы, екі мәрте Италия супер кубк иегері атануына өз үлесін қосты. Өткен аптада «Удинеземен» болған ойында ол өзінің «туриндіктердің» сапындағы 100 кездесуін өткізген болатын. Осы аралықта 32 голдың авторы атанып үлгірген үздік ойыншы көптеген клубтардың қызығушылығын оятқан болатын. Оны өз қатарларынан көргісі келген командалардың ішінде «Манчестер Юнайтед», «Барселона» клубтары да бар. Мадридтың «Реалы» оған 60 мил. евро жоғары баға да ұсынып үлгірген болатын. Алайда ол өз клубында қалуды жөн деп тапқан екен. Бір айта кетер жайт, ол алғалы отырған 5.5 млн. евро Италиядағы екінші жоғары жалақы саналады. Оның алдын тек жылына 6.5 млн. евро табатын Даниэле Де Росси ғана орап тұр.                                                                                                                                                                                                                Қуанышхан ӨМІРХАН
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×