"Қайраттың" бұрынғы ойыншысы Валерий Громыконың әке-шешесі Игорь мен Ирина Громыко ұлдарының миллиондаған қаржыдан бас тартып, Қазақстаннан не себепті кеткен себебін ашып берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ойыншының әкесі Игорь Громыконың айтуынша, Валерийде “Қайраттан” бөлек, қаржылық тұрғыдан өте тиімді өзге де ұсыныстар болған. Алайда футболшы жүрек қалауын таңдаған.
“Витебскіге ауысар алдында ол маған түн ортасында телефон соғып, екеуміз таңға дейін ақылдастық. Оны сол уақытта Қытайға және басқа да бірнеше елге шақырған болатын. Валера менімен сырласып, өз ойын ортаға салды. Мен де өз көзқарасымды айтып, “Қайраттың” да ұсыныс тастап жатқанын есіне салдым. Нұсқалары өте көп еді, бірақ таңғы сағат 10-дарда Валера қайта хабарласып: “Әке, мен Витебскідемін." — деді. Мен бұл таңдауын оң қабылдадым." — дейді әкесі.
Әкесі ұлына “МЛ Витебск” клубының деңгейі Алматылық ұжымнан еш кем түспейтінін айтып, жігерлендірген:
“Мен оған: “Валера, “Қайратта” қалай ойнасаң, бұл жерде де солай өнер көрсетуге не кедергі?” — дедім. Меніңше, “МЛ Витебск” сапына да өте жақсы, талантты жігіттер жиналған. Егер оларды бапкер дұрыс бағыттай білсе, “Қайраттан” еш кем ойнамайды”.
“МЛ Витебск” клубының қожайыны Артем Леонов мәлімдегендей, Громыконың елге оралуына үйіне және туған-туыстарына жақын болу қалауы тікелей әсер еткен. Футболшының ата-анасы бұл ақпаратты растады. Желідегі миллиондар емес, отбасылық құндылық бірінші орынға шыққан.
Футболшының анасы Ирина Громыко ұлының ұзақ уақыт бойы шетелде жүріп, отбасынан алшақтағанына қатты қиналғанын жасырмады:
“Ол өмірінің көп бөлігін шетелде өткізді. Біз тіпті отбасылық мерекелерде де басымызды қоса алмайтын күйге жеттік. Шыны керек, Валераның туған күнін бірге тойламағанымызға сегіз жылдан асып кетіпті, өйткені ол үнемі басқа елдерде жүретін. Тіпті демалысқа шыққан күннің өзінде, әрине, уақытын жарымен бірге өткізуге асығады. Енді отанына оралған соң, ұлымызды жиі көріп тұрмыз."— деп ағынан жарылды анасы.