«Арыс» клубы атауын өзгертті ме?

16.02.2021, 01:37
Күні кеше клубтың әлеуметтік желілері «Арыс» атауына қайта ауысқан еді.
«Арыс» клубы атауын өзгертті ме?

KazFootball.kz сайты "Арыс" клубының баспасөз қызметінің өкілдерімен байланысып, түркістандық клубтың алдағы маусымда қалай аталатынын білді.

2004 жылдан 2021 жылға дейін команда "Арыс" деген атаумен ойнаған және сол Арыс қаласының атынан өнер көрсетті. 2021 жылы 26 қаңтарда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен команданың атауы ресми түрде "Тұран" болып өзгертілді. Алайда, бір күн бұрын клубтың әлеуметтік желілері бұрынғы атауына қайта оралды.

"Клубтың ресми түрде "Тұран" атауын иеленуіне қажетті құжаттар әлі күнге дейін дайын емес. Осыған байланысты команда бұрынғы "Арыс" атауына уақытша өзгертілді. Премьер-лиганың алдағы маусымында команда "Тұран" деген атпен өнер көрсетеді", - дейді клубтың баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×