Асхат Тағыберген: «Біз бұл ойынға риза емеспіз»

17.11.2021, 03:47
Асхат бүгінгі матчта ұлттық құраманы капитан ретінде бастап шықты.
Асхат Тағыберген: «Біз бұл ойынға риза емеспіз»

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Тәжікстанға қарсы өткен жолдастық кездесу (1:0) туралы пікір білдірді.

- Жеңіс құтты болсын! Бүгін бапкер негізгі құрамға көп өзгерістер енгізді. Бұл нәтижеге әсер етті ме?

- Құттықтауларыңызға рахмет. Біз бұл ойынға ризамыз деп есептемеймін. Біріншіден, жанкүйерлерден Франциямен болған матч (0:8) үшін және бүгінгі ойын үшін кешірім сұраймын. Біз қателіктерімізді талдаймыз. Чемпионаттың аяқталғанын ескерсек, жігіттердің бәрі шаршады. Менің ойымша, бұл соңғы нәтижелерге әсер етті, біздің бұған көңіліміз толмайды. Бірақ қарсыласты да құрметтеу керек, оларда жақсы ойыншылар жетерлік екен. Енді жаңа күшпен келесі жылға дайындалатын боламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×