Талғат Байсуфинов: «Біз бұл жеңісті бір жыл бойы күттік»

17.11.2021, 04:25
Талғат мырза дебютанттардың ойынына риза екен.
Талғат Байсуфинов: «Біз бұл жеңісті бір жыл бойы күттік»

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Тәжікстанға қарсы өткен жолдастық кездесуге (1:0) қатысты пікір білдірді:

- Ең алдымен баршаңызды жеңіспен құттықтаймын! Біз мұны бір жыл бойы күттік. Бірінші кезекте, бұл жеңіс біздің адал жанкүйерлерімізге арналады, бұл үшін жігіттерге үлкен рахмет айтамын. Франциямен болған сол ойыннан кейін (0:8) олар аяққа тұрып, бүгін жеңіске жетті.

- Алғаш рет негізгі құрамда шыққан Әлібек Қасым мен Сұлтанбек Астановтың ойынына қандай баға берер едіңіз?

- Осы екі футболшы туралы айтатын болсақ, алғашқы күннен-ақ Әлібек Қасым командамен бірге жаттығып жүрді. Біз оны мұқият дайындадық, онымен жақсылап сөйлестік. Ол бәрін түсінді, сол үшін оған рахмет. Ол бүгін жақсы өнер көрсетті. Бізде болашаққа арналған жақсы орталық қорғаушы бар деп айта аламыз. Астанов та ұзақ уақыт бойы бізбен бірге болып, бүгін өз ойынын көрсетті. Менің ойымша, екеуі де жақсы ойнады.

- Владислав Васильев бүгін қорғаныстың сол қапталында ойнады. Неліктен оны осы позицияға қойдыңыз?

- Влад «Энергетик-БГУ» командасында жүргенде осы позицияда ойнады, біз оны білеміз. Тіпті сол «Динамо-Брестте» де солай ойнады. Оның функционалдық жағдайы жақсы. Ал, бізге жеңіс үшін ойнау керек болды. Астанов оң қапталда ойнады, ол жас, оған Зайнутдинов көбірек көмектеседі деп ойладық. Ал сол қапталда біз Васильевтің техникалық жағынан жақсы ойнайтынын білдік және Щеткин шабуыл шебінде болғандықтан, біз Владтың айып алаңына әуелете пас асыруын талап еттік.

- Желтоқсан айының соңында келісім-шартыңыз аяқталады. Жұмысыңызды жалғастырасыз ба, әлде басқа жоспарларыңыз бар ма?

- Бұл туралы әлі ойланған жоқпыз және басшылықпен талқыламадық. Барлығын басшылық, футбол федерациясы шешеді. Талқылаған кезде жауап беретін боламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×