Асхат Тағыберген: “Біз Еурокубокқа 100 пайыз дайынбыз”

23.07.2026, 17:16

Қостанайлық “Тобыл” УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Литваның “Паневежис” клубына қарсы алғашқы матчын өткізеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Асхат Тағыберген: “Біз Еурокубокқа 100 пайыз дайынбыз”

Бір жылдық үзілістен кейін халықаралық аренаға оралған команданың капитаны АсхатТағыберген ұжымның дайындығы мен мақсаттары туралы пікір білдірді.

“Дайындық өте жақсы өтуде, халықаралық деңгейге қайта оралғанымызға қуаныштымыз. “Тобылда“ бір жылдық үзіліс болды, сондықтан бұл ойынға өте оңтайлы әрі орасан зор жауапкершілікпен дайындалдық. Біз 100 пайыз дайынбыз және жеңіске жетеміз деген үміттеміз.”

Асхат Тағыберген капитандық таңғыштың тек мәртебе емес, үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Әр ойыншының мінезін түсініп, қиын сәтте қолдау білдіру — көшбасшының басты міндеті.

“Паневежис” — “Тобыл” кездесуі бүгін сағат 20:30-да (Қазақстан уақытымен) басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×