“Қайсар Арена” стадионына ресми түрде УЕФА-ның IV санаты берілді

23.07.2026, 12:56

Қызылорданың "Қайсар" клубының стадионы халықаралық деңгейдегі үлкен жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қайсар Арена” стадионына ресми түрде УЕФА-ның IV санаты берілді

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қайсар Арена” стадионынң ресми түрде УЕФА-ның ең жоғары IV санаты берілді. 

Өткізілген тексерістердің нәтижесінде "Қайсар Арена” барлық халықаралық стандарттар мен талаптарға толық сай келетін заманауи спорт нысаны деп танылды. Бұл мәртебе спорт кешеніне ең жоғары деңгейдегі ресми матчтарды қабылдауға құқық береді. 

Енді Қызылордалық аренада мынадай беделді еурокубок турнирлерінің ойындары өткізіле алады:

– УЕФА Чемпиондар лигасы 

– УЕФА Еуропа лигасы 

– УЕФА Конференциялар лигасы 

Осы жағымды жаңалықпен қатар, "Қайсар” командасы Қазақстан Премьер лигасының ағымдағы маусымында өз өнерін жалғастыруда. Өткізілген 19 матчтың қорытындысы бойынша клуб 19 ұпай жинап, турнирлік кестеде оныншы орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×