"Ордабасы" жанкүйерлері "Қайратқа" қарсы өтетін маңызды матчта өз командасын қолдау үшін Алматыға үлкен топпен аттанды, деп хабарлайды Aladop.kz.
meta-ratings.kz мәліметінше, клуб жанкүйерлерге оңтүстік астанаға бару үшін арнайы көлік ұйымдастыруға көмектесті. Шымкенттен 11 автобустан тұратын керуен жолға шығуда.
Әр автобусқа орта есеппен 50-ден астам адам сыятынын ескерсек, Шымкенттен 500-ге жуық жанкүйер келеді. Бұл топқа Алматыда оқитын және жұмыс істейтін Шымкенттік жанкүйерлер қосылып, стадионда үлкен қолдау көрсетпек.
"Қайрат” пен "Ордабасы” арасындағы кездесу 26 шілде күні сағат 19:00-де басталады. Бұл ойын Қазақстан Премьер лигасының 19-туры аясындағы ең басты кездесу болмақ. Себебі, бұл — чемпионат көшбасшыларының додасы: қазіргі уақытта "Ордабасы” турнирлік кестеде бірінші орында, ал Алматылық "Қайрат” екінші сатыда келеді.